• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Мамыр, 2020

Мектептерде спорттық секциялардың жұмысын ұйымдастыру ойластырылған - министр

618 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ауыл халқын спортқа тарту үшін спорттық нұсқаушылардың санын өсіру көзделгенін айтты.

«Жалпы білім беру мектептерінің спорт залдарында спорттық секциялардың жұмысын ұйымдастырып, халықтың барлық тобына қолжетімді ету мақсатында өңірлік спорт және білім басқармаларымен меморандумға отыру жоспарланған. Сонымен қатар ауыл халқын спортқа тарту, олармен жұмыс істеу үшін спорттық нұсқаушылардың санын өсіру көзделген. Қазір оларға деген сұраныс 1000-нан асады», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Осы орайда министр ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізетінін атап өтті.

«Жалпы білім беретін мектептердің спорттық залдарында балаларға арналған спорттық секциялардың жұмысын ұйымдастыру ойластырылған. Бүгінгі таңда Министрлікте 101 спорттық федерация аккредиттелген. Олар қосымша өз спорт түрлері бойынша 300 мың баланы қамтитын 10 мың секция ашуға мүмкіндік алады. Мектептік және студенттік лигалардың да саны артады. Біздің тағы бір мақсат - спорттық желілер мен инфрақұрылымды арттыру. Бүгінде елімізде 579 балалар-жасөспірімдер клубы мен  балалар-жасөспірімдердің дене даярлығына арналған 107 клуб жұмыс істейді. Сәйкесінше, олардың санын 700-ге, тиісінше 340-қа өсіреміз. Осылайша дене шынықтыру мен спортпен айналысатындардың саны 100 мың адамға өседі»,- деді ол.