• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Мамыр, 2020

Спорттық нысандар санын 30 мыңға дейін көбейту көзделген - Ақтоты Райымқұлова

305 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте бұқаралық спортты дамытуда спорттық инфрақұрылымның маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Қазіргі таңда елімізде 23 мың спорттық нысан бар. Жергілікті атқарушы органдардың есебінше, спорттық инфрақұрылымға деген қажеттілік орташа алғанда жылына 1 мыңнан асады. Біздің жоспар бойынша 2025 жылға дейін спорттық нысандар санын 30 мыңға дейін көбейту көзделген», деді Ақтоты Райымқұлова.