• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2013

Ақпараттар ағыны

225 рет
көрсетілді

Астанада «AstanaLeisure 2013» халық­ара­лық туристік көрмесі ашылды. Онда соң­ғы туристік өнімдер, әуе компанияларының ар­найы ұсыныстары және туристік нарықтағы мемлекеттік құрылымдардың қызметтері таныс­тырылады.

 

 

Астанада «AstanaLeisure 2013» халық­ара­лық туристік көрмесі ашылды. Онда соң­ғы туристік өнімдер, әуе компанияларының ар­найы ұсыныстары және туристік нарықтағы мемлекеттік құрылымдардың қызметтері таныс­тырылады.

Павлодарда жас журналистердің бірінші республикалық слеті өтіп жатыр. Кеше басталған форумда жаңа буын газет қызметкерлері, репортерлер, телехабарлар жүргізушілері мен интернет-блогерлері қазіргі заманғы журналистиканың өзекті тұстары туралы пікір алмасуда.

Кеше Шығыс Қазақстан облысы құқық қорғау органдарының басшылары Риддер қаласының жұртшылығымен кездесті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастап келген бұл жүздесу барысында аталмыш салада қордаланып қалған көптеген мәселелер бойынша егжей-тегжейлі әңгіме айтылды.

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге тігін машинасы берілді. «Даму» қоры мен «DeltaBank» бірлесіп ұйымдастырған бағдарлама аясында биылғы жылы мүгедек кәсіпкерлерден келіп түскен 1 180 өтініштің 784-і қанағаттандырылды.

тырауда «Сәтбаев Оперейтинг» ЖШС қо­ғамдық тыңдау өткізді. Онда 2014 жылға арнал­ған табиғат қорғау шаралары туралы есеп берілді.

Жамбыл облысында есірткі сатушылар айғақтарды жою үшін өздерінің үйін өртеп жіберді. Оқиға Шу ауданы Белбасар ауылында орын алған. Ал полицейлер 31 жастағы ер кісінің үйінен 60 килоға жуық марихуана тапқан.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар