• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Сардоба су қоймасына қатысты мәселе талқыланды

543 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстанның  Экология, геология және су шаруашылығы министрі М.Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен кездесіп, екі ел арасындағы бірқатар мәселелерді талқылады. 

Кездесу барысында қос министрліктің өкілдерінен құралған топ  Сардоба су қоймасының келешегіне қатысты пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен бірге отырыстың күн тәртібінде Өзбекстанның Піскем және Чаткал өзендерінің бойынан  ГЭС салу мәселесі де қаралды. Екі елдің министрлері өз сөздерінде  барлық мәселені ортақ түсіністікпен, бірлесе шешуге мүдделі екендіктерін білдірді. Жиынға қатысқан Түркістан облысы Мақтаарал, Сарыағаш, Келес аудандарының әкімдері каналды тазалау мәселесін көтерді. Жиынның негізгі бөлігі журналистердің қатысуынсыз, жабық есік жағдайында жалғасты.

Ақпарат құралдарына сұхбат берген Экология, геология және су шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан Сардоба су қоймасының ертеңіне қатысты нақты бір шешімге келмеген. «Біз бүгін өзбектердің осыған қатысты  жоспарларын тыңдаймыз. Осыдан кейін шешім қабылдайтын боламыз», деді вице-министр.

Сондай-ақ вице-министр қазіргі таңда Шардара су қоймасына, Достық каналына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлім етті.

 

Түркістан облысы