Алматы қаласында «Қазконтент» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен қыркүйектің 25-27-күндері аралығында өтетін «Қаламгер Азамат» республикалық жас тілшілердің V форумы «Ел еңсесі – егемендік» атты тақырыппен өз жұмысын бастады.
Алматы қаласында «Қазконтент» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен қыркүйектің 25-27-күндері аралығында өтетін «Қаламгер Азамат» республикалық жас тілшілердің V форумы «Ел еңсесі – егемендік» атты тақырыппен өз жұмысын бастады.
Форумның басты мақсаты – жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа шақыра отырып олардың жүрегіне патриоттық сезім орнатуға үлес қосу, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың кәсіби біліктілігін шыңдайтын заманауи заңдылықтарды меңгеруге мүмкіндік туғызу, дейді ұйымдастырушылар.
Аталмыш форумға журналистика саласында алғашқы қадамын бастаған 18-25 жас аралығындағы жас қалам иелері қатысуда. Олар «Қазақ баспасөзінің дамуы», «Телебағдарламалар мен жаңалықтар сюжеттерінің бүгінгі сапасы қай деңгейде?», «Қазақ тіліндегі интернет ресурстарының дамуы», «Creative Commons лицензиялары мен оны қазақстандық кеңістікте қолдану мәселелері» және «Мультимедиалық журналистика» атты тақырыптарды қаузайтын алқалы пікіралмасулар мен түрлі семинар-тренингтерге қатысатын болады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі мен Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры қолдау көрсетіп отырған форум жас тілшілерге ақпараттық тәжірибе алмасу бағытында түрлі салада қалам тербеуге, журналистиканың қыр-сырын үйренуге кең жол ашады.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.