• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2013

Тағдыр және тағылым

514 рет
көрсетілді

Өткен жылдардың 80-жылдарында осы жолдар авторы Қызылорда облыстық комсомол комитетінің идеология бөлімін басқарған-ды. Жастық жалынмен еңбек етіп жүрген сол бір шақта филолог-ға­лым, профессор Ә.Қоңыратбаев ағай­мен тығыз араласуға тура келген. Ол кісі об­лыстық комсомол ұйымы жанындағы штат­тан тыс лекторлар тобын басқарушы еді.

 

Өткен жылдардың 80-жылдарында осы жолдар авторы Қызылорда облыстық комсомол комитетінің идеология бөлімін басқарған-ды. Жастық жалынмен еңбек етіп жүрген сол бір шақта филолог-ға­лым, профессор Ә.Қоңыратбаев ағай­мен тығыз араласуға тура келген. Ол кісі об­лыстық комсомол ұйымы жанындағы штат­тан тыс лекторлар тобын басқарушы еді.

Кезекті бір әңгіме үстінде Әуелбек аға былай деп сыр айтқаны бар:

– Сен білесің бе, ол кезде комсомолдың жұрт таныған екі жетекшісі болды. Бірі – Ғани, екіншісі – Садықбек. Ғани өлкелік комсомол комитетінің бас секретары да, Садықбек Түркістан Орталық партия комитетінің жастар бөлімін басқарды. Бұл жылдары Орта Азия мен Қазақстан комсомолының екі белгілі қайраткері жергілікті кедей жастарын ұйымдастырып, Қызыл Армия үшін азық-түлік жинады. Бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның комсомол активтері осы екі тұлғаның ықпалында өсті.

Мұны естігеннен кейін мен Әуелбек ағадан Са­­­дықбек туралы кеңірек айтып беруін сұра­дым. Ол кісі Садықбекті соншалық қымбат кісі көретінін, одан көп тәрбие алғанын айтты. Оның шын мәніндегі үлкен қайраткер екендігін тамсана сөз қылды.

Бертініректе Ғани есімі аталса, мен үне­мі Садықбекті еске алатын болдым.Сөй­тіп, ол туралы қолға түскен тарихи құ­­­­жаттар мен деректерді жинастыра бас­та­дым.

Қарағандылық танымал қаламгер Ж.Бектұров бір жылдары “Қазақ әдебие­ті” газетінде “Айыбы не еді ағалар­дың?..” атты мақала жариялады. Бұл – 1988 жылы болатын. Мен сол мақа­ланы оқып отырып, С.Сапарбековке қатыс­ты жерлеріне келгенде Әуелбек аға­ның айтқандарын тағы да ой елегінен өткіз­дім. Екеуінің де сөзі бір-біріне сәйкес келеді.

Елінің бағына туған озық ойлы алғыр азамат – Садықбек Сапарбеков 1902 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Балапантөбе деген жерде дүниеге келген. Әкесі кедей шаруа болған. Жастайынан зерек болып өскен Садықбекті Жаңақорғандағы «Қыш мектепке» (қазіргі М.Қаратаев атындағы мектеп) орыс класына береді. Ол мұнда 1912-1917 жылдар аралығында тәлім-тәрбие алады.

Жаңақорғандағы орыс мектебінде біршама оқып, едәуір сауатын ашып, дәріс алған соң Садықбек енді Ақмешітке (қазіргі Қызылорда) келеді. Осындағы орыс мектебінде білімін одан әрі жалғас­­тырады. Осы кезеңде әке-шешеден бір­дей айырылып, тұрмыс жағдайы тым қиын­дап кеткен сәтте Ақмешіт рев­­­комы­ның мүшесі, В.И.Лениннің алдын көр­ген Хұсейін Ибрагимов деген кісіге барып, одан қолдау табады. Ақшалай көмек те береді. Біршама уақыт балалар үйінде тәрбиеленеді. 1917-1919 жылдар аралығында білімін көтере жүріп, Ақме­шіттегі большевиктік ұйымдарға қа­тысып, жаңа өмір жолына түсе бастайды.

Жас жігіттің ерекше қабілетін сол кезде-ақ байқаған аға буын өкілдері Ақмешіт уездік-қалалық комитетінің шешімімен оны Ташкентте жаңадан ашылған үгітші-ұйымдастырушылардың қысқа курсына оқуға аттандырады. Ол сонда білімін шыңдады, алғыр шәкірт екенін байқатты. Жақсы үлгеріммен аяқтады. Түркістан өлкелік партия комитеті Мәскеудегі Я.М.Свердлов атындағы коммунистік университеттің қысқа мерзімдік курсына ел ішінен 35 кісіні оқуға жіберіп жатқанда, сол құрамға Садықбек те ілініп, комсомол бөлімінде оқыды. 1920 жылдың күзінде оқуды үздік аяқтап, Ташкентке оралады да, жастар арасындағы ұйымдастырушылардың бірі болып қызметін бастайды.

1920-1923 жылдар аралығында қабі­летті жас Түркістан өлкелік партия комитеті жанындағы партия мектебінің комсомол бөлімін басқарды. Сонымен оған Алматы, Жетісу облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін де қоса атқаруға тура келді. Садықбектің шын жарқырап көзге түсуі осы кезеңдер болғаны анық. Өйткені, ол бір емес, бірнеше жауапты қызметтерді қатар алып жүре алды, бәріне де уақыт таба білді.

Осы жылдар ішінде С. Сапарбеков көрнекті комсомол қайраткері, жақын досы Ғ.Мұратбаевпен қоян-қолтық араласты. Екеуі бірлесе отырып, шығ

Соңғы жаңалықтар