• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Мамыр, 2020

Ұялы тариф 1 айға жоспарлануға тиіс

221 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағида­ларына өзгертулер енгізді. Енді мобильді операторлар або­нент­терге өзге тарифтік жоспарлармен қатар, төлем бір күн­тіз­белік айға жасалатын тарифтік жоспарды да ұсынуға тиіс.

Енгізілген өзгертулердің арқа­сында абоненттер тарифтік жос­парлардың ішінен өзіне қажетін таңдай отырып, оны то­лық бір ай пайдалана алады. Мы­салы, егер абонент тариф­тік жо­с­парға айдың соңғы күні қо­сыл­­са оның жеке шотынан байланыс қызметі үшін төлем келесі айдың соңғы күні шегеріледі.

Сонымен қатар аталған тарифтік жоспардағы қызметтер көлемі аяқталғаннан кейін оператор абоненттің келісімінсіз қызметтің қосымша көлемі үшін ақы ала алмайды.

Мұнымен қоса ережеге «базалық тарифтік жоспар» ұғымы енгізілді. Бұл тариф або­нент­тік төлемді талап етпейді, тек нақты пайдаланған минут немесе SMS санына ғана төлем жасай отырып, қоңырау шалуға және SMS жіберуге мүмкіндік береді.

– Базалық тарифтік жос­пар» абонент нөмірді басқа ұя­лы бай­ла­ныс операторының желі­сіне ауыс­­тыр­ғанда (MNP қыз­меті), жаңа тарифтік жоспарды таң­дап үл­гермегенде, сон­дай-ақ қол­­да­ныстағы тариф­тік жос­пар әре­­кет етуін тоқ­татқан жағ­дай­да қо­­сы­лады, – деп хабарлады Цифр­­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистрлігі.

Бұған дейін ұялы байланыс операторы абонентте қандай да бір тарифтік жоспар болмаса, оны өздері абоненттің келі­сі­мінсіз кез-келген тарифтік жос­парға қоса алатын.

Байланыс операторлары «база­лық тарифтік жоспарға» өз­герісті жылына бір рет қана ен­гізе алады және бұл туралы ол абонентті нақты өзгерістерге дейін күнтізбелік отыз күн бұ­рын хабардар етуге міндетті.