• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Мамыр, 2020

Елордада 62 және 43 жастағы 2 науқас қайтыс болды

434 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус дертінен қайтыс болған 2 азамат жайында айтты.

«Кеше Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус дертінен 2 азамат қайтыс болды. Бірінші науқас 1958 жылы туған әйел адам он күндей үйінде өзін-өзі емдеген. 31 наурыз күні жағдайы ауырлағанда жедел жәрдем арқылы жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды өкпені желдету аппаратына қосылды. Жағдайының ауырлығына байланысты 18 сәуірде республикалық қарқынды терапия орталығына ауыстырылды. Емдеу хаттамасына сәйкес, науқасқа қажетті ем-дом шаралары жүргізілді. Бірақ реанимациялық шараларға қарамастан, науқас 13 мамыр күні көз жұмды. Екінші науқас - 1977 жылы туған ер адам. Отбасында коронавирус жұқтырған жанмен жақын қатынаста болған. Төрт күн үй карантинінде болған. 17 сәуірде жедел жәрдем қызметі арқылы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Оған тиісті емдеу шаралары жасалды. Алайда жағдайы ауырлағандықтан, 22 сәуірде жансақтау бөліміне ауыстырылды. Науқас соңғы екі жылда қосымша аурулары бойынша емханада тіркеуде болған. 13 мамырда қарқынды терапияға қарамастан, науқас қайтыс болды» деді ол.