АҚШ астанасы Вашингтонда Оңтүстік Африка Республикасының тұңғыш қара нәсілді президенті, адам құқығын қорғау үшін аянбай күрескен Нельсон Манделаның құрметіне монумент тұрғызылды. Бұл туралы «Казахстанская правда» газеті жазды.
Оңтүстік Африка Республикасы елшілігінде өткен салтанатты рәсімге Нельсон Манделаның қызы қатысты. Мұнда тұрғызылған үш метрлік туынды ОАР-дың Кейптаун қаласындағы түрме маңында орнатылған монументтің көшірмесі болып табылады. Ескерткіштің Кейптаун қаласындағы түрме маңына орнатылуы тектен-тек емес. Себебі, Нельсон Мандела нәсілді кемсітушілік саясатын жоюға әрекет еткені үшін дәл осы түрмеде жазасын өтеген еді. Монументке экс-президенттің сол түрме киімімен жұдырығын көкке көтерген сәті бейнеленген.
Қыркүйектің басында үш ай бойы ауруханада ем алған 95 жасар Мандела үйіне шығарылды. Қазір оны дәрігерлер кезекшілікпен бақылауға алған.
Айдар Өрісбаев.