• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2020

COVID-19: Талдықорғанда 6 науқас тіркелді

367 рет
көрсетілді

Соңғы тәулік ішінде Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 10 адамға көбейді. Осы сәттегі дерек бойынша жалпы науқас саны – 201. Соңғы мәліметке сәйкес Талдықорған қаласында 6 адамнан, Кеген ауданында 2 адамнан және Талғар ауданында 2 адамнан тіркелген.

- Барлық 10 адам белсенді түрде анықталды. Олардың сегізі бұған дейін  коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, ал екеуінен медициналық мекемеге жүгінген кезде індет белгісі анықталды. Вирусты жұқтырғандың алтауы Талдықорған қаласының, екеуі Кеген ауданының және екеуі Талғар ауданының тұрғындары. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бұл азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауланған, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып оқшауланады және коронавирусқа зертханалық тексерістен өтеді, - деп хабарлады Алматы облыс әкімінң баспасөз қызметі.