Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендерде балықтың жаппай қырылуын болдырмау және оларды құтқару мақсатында сарқынды суды каналдарға қуу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде мамандар 8767 текше метр суды каналдарға жіберіп үлгерген.
Сондай-ақ көлшіктердегі балықтардың жарамдылығын тексеру үшін Шымкент қаласындағы сараптама орталығына 3 дана сазан мен 1 дана дөңмаңдай түрі жөнілтіліпті. Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбайдың мәлімдеуінше, мамандар улану фактілерінің алдын алу бойынша су басқан ауылдарда тәулік бойы жұмыс істеуде. «Сараптама қорытындысы алдағы аптада дайын болады. Соған дейін тұрғындардың сарқынды судан балық аулауына тыйым салынады», дейді Шәкен Боранбай.
Топан су кезінде үй жануаларының өлексесі көбеюіне байланысты осы аумақтарда шибөрілердің саны көбейген. Осыған орай тегіс ұңғылы 12 калибрлі аңшы қаруы әзірленіп, 300 дана оқ-дәрі сатып алынған. Қазіргі уақытта ауылдардағы шибөрінің санын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы