• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

Талайды рухтандырған «Begeisterung-2013»

283 рет
көрсетілді

VII халықаралық неміс мәдениеті фестивалі бес күн бойы өтті

Фестивальдың атын қазақшаға аударғанда «рухтану» деген ұғымды білдіреді. Расында, Қазақстанның облыстарынан, Ресейден және облыс аудандарынан келген неміс халқының өкілдері фестиваль аясында өз халқының ән-биін тыңдап, халықтың ғажайып қолөнерін, осы заманғы суретшілер шығармаларын тамашалап, бастауын тереңнен алатын кәусар бұлақтан сусынын қандырғандай әсерде болды. Заманның қиын жылдары Волга бойынан еріксіз көшірілген неміс халқы Қазақстанды екінші отаным деп біледі. Еңбекқор халық еліміздің гүлденуіне үлес қосумен қатар, барлық қуанышты отандастарымен, кеңқолтық қазақ халқымен бірге бөлісіп келеді. 90-жылдары неміс диаспорасы өкілдерінің көпшілігі өзінің тарихи отаны Германияға қоныс аударды. Дегенмен, қазір Қазақстанда 180 мыңдай неміс халқының өкілі тұрады. Олардың 30 мыңнан астамы Қостанай жерінің суын сулап отыр.

– Қазір Қазақстанның гүлденуі­не үлес қосып отырған бір атаның балаларындай тату-тәтті түрлі ұлт өкілдері арасында немістердің орны ерекше. Олар экономика, әлеуметтік сала, ғылым, спорт, мәдениет салаларында тер төгіп келеді. Облыс әкімінің кеңесшісі, белгілі азамат Виктор Викторович Мейстерді, бұрынғы сенатор, қазір облыс әкімінің бірінші орынбасары Евгений Иосифович Аманды, белгілі кәсіпкер Василий Самуилович Розиновты, шаруашылық ұйымдастырушылар Иван Матвеевич Вичтейнді, Николай Николаевич Шерді, Владимир Александрович Шуллерді және тағы басқаларды тек неміс халқының өкілдері ғана емес, бүкіл облыс мақтаныш тұтады, – деді облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов фестивальдың ашылу салтанатында.

Облысты экономикалық-әлеуметтік дамыту мақсатында және мәдени салада Қостанай мен Германия арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Облыс аумағында 22 неміс-қазақ біріккен кәсіпорны жұмыс істейді. Облыстағы жоғары оқу орындарының оншақты студенті Германияда білімін шыңдап қайтты. Фестиваль аясында да осындай барыс-келісті, алыс-берісті нығайту мақсатында дөңгелек үстел отырыс­тары өтті.

– Осыдан жиырма жыл бұрынғы уақытты естеріңізге алыңыздаршы. Неміс халқы өкілдерінің өз дәстүр-салты мен мәдениетіне сусындауға мүмкіндігі түгіл, оларға дұрыс көзқарас та болмағанын несіне жасырамыз. Ал қазір заман қалай өзгерді десеңші! Осыған шүкір. Қазақстанда уайым-қайғысыз, шат-шадыман тұрып келеміз. Сол үшін де Қазақстанның басшылығына, қазақ халқына рахмет айтамыз, – деді «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Александр Дедерер.

Фестивальдың бай бағдарлама­сы аясында түрлі шаралар өтті. Халықтың арасынан шыққан шеберлер мен кестешілер, қолөнершілер өз туындыларын көрерменге ұсынды. Ұқыптылық жөнінен алдына жан сала қоймайтын немістердің кестесі, тоқыма бұйымдары және бисерден тізген әшекейлері көздің жауын алады. Көркемсурет галереясында неміс суретшілерінің шығармаларынан көрме ұйым­дастырылды. Фестивальда жастар және шығармашылық ұйымдары лидерлерінің біріккен мәжілісі болды. Олар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, жас таланттар байқауларына қатысты.

– Неміс ұлтының өкілдері қазір Қазақстанда шоғырланып тұрмайды. Сондықтан фестиваль мақсатының бірі жастарды таныс­тыру, біріктіру, достас­тыру болды. Бұл олард

Соңғы жаңалықтар