• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2020

Атырау: Жүргізушіден дыбыс беру құрылғысы тәркіленді

401 рет
көрсетілді

Жүргізушілер жолда кедергісіз жүру үшін не істемейді? Тіпті, арнаулы қызмет көліктеріне арналған дыбыс беру құрылғысын да пайдаланады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамырға қараған түні сағат 00:30 шамасында «Mercedes Benz» көлігінің жүргізушісі арнайы дыбыс  сигналын беруге арналған құрылғыны қосып жүрген екен. Оны Атырау қалалық полиция басқармасының «Батыс-31» патрульдік құрамы Азаттық даңғылының  бойында ​тоқтатты.

–Тексеру барысында көлік жүргізушісінің 1999 жылы туған азамат екені анықталды. Оған  көлігіне арнайы құрылғыны пайдалғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 603-бабы, 2-бөлігімен хаттама толтырылды. Дыбыс беруге арналған құрылғы тәркіленді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

«Mercedes Benz» көлігі айыппұл тұрағына қойылған.

Соңғы жаңалықтар