• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

Даярлық деңгейі жоғары

282 рет
көрсетілді

Бұған дейін хабарланғанындай, Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бастаған қазақстандық әскери делегация Түркия Республикасында жүр. Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшысының Түркияға ресми сапары 23-27 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Бұған дейін хабарланғанындай, Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бастаған қазақстандық әскери делегация Түркия Республикасында жүр. Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшысының Түркияға ресми сапары 23-27 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Қорғаныс министрі апта басында Анкарада Түркия жоғары әскери басшылығымен бірқатар келіссөздер өткізіп, қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің түрік тарапымен бірлескен жобаларының іске асырылу барысымен таныс­ты. Сондай-ақ, Түркия Қарулы күштерінің қорғаныс тапсырысын орындайтын бірқатар ірі әскери зауыттарда болды. Анкара түбінде орналасқан бітімгершілік бригадасына барды.

Ыстамбұлда әскери білім сала­сындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бағдат Майкеев Түркия Қарулы күштері Бас штабы Біріккен әскери академиясы басшылығымен талқылады. Осы академияда әскери академиялық білімі бар майор, полковник әскери атағындағы офицерлер білім алады. Біріккен әскери академияның құрылымына Құрлық әскерлері, Әскери-әуе күштері және Әскери-теңіз күштерінің әскери академиялары кіреді. Осы академиялардың барлығы Ыстамбұл қаласының бір аумағында орналасқан.

Бағдат Майкеев академияны бітірген қазақстандық әске­ри қызметшілердің даярлық деңгейіне көңілі толатынын жеткізіп, олардың іс жүзінде нақты нәтижелер көрсетумен қызмет бабында көтеріліп келе жатқанын атап өтті.

– Қазақстан Қорғаныс министрі Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасын орындай отырып, әскери білімді қорғаныс ведомствосының басым бағыттарының бірі ретін­де белгілеп берді. Бүгінгі таң­да қазақстандық әскери қызмет­шілерге әлемнің ең беделді әске­ри жоғары оқу орындарында бі­лім алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қазақстандық офицерлердің осы жерде түрік офицерлерімен бір бағдарлама бойынша оқып жатқаны көңіл қуантады, – деп атап өтті генерал-майор Б.Майкеев.

Академия басшылығы қа­зақ­стандық тараппен ынты­мақтастықты әрі қарай нығайтуға және дамытуға әзір екендіктерін білдірді. Қазіргі уақытта Түркия Құрлық әскерлерінің әскери академиясында қазақстандық әскери қызметшілер білім алуда.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар