• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2020

Атырау: Тұңғиықта тұнған мұнай

1225 рет
көрсетілді

Атыраудағы «Ембімұнайгаз» АҚ  мұнайшылары  3 265 метр тереңдіктен мұнай горизонтын  анықтады.

Кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, былтырдан бері  ресурстық базаны ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Жақында мұнайшылар С.Нұржанов кен орнының солтүстік-батыс бөлігінде геологиялық барлауды жүргізу барысында табысты нәтижелерге қол жеткізді.

–Байырғы кен орындарын игеретін компанияның басым міндеттерінің бірі –ресурстық базаны ұлғайту. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде С.Нұржанов кен орнындағы бұрғыланбаған бөлігінің триас шөгінділерінде 3252-3265 метр тереңдікте жаңа өнімді горизонт анықталды. НСВ-11 бағалау ұңғымасын бұрғылау қорытындысымен 9 мм штуцерде   тәулігіне 165 текше метр дебитпен сусыз мұнай бұрқағы алынды. Мұндағы мұнайдың үлес салмағы – 0,836 г/см3, ал, газ факторы – 105 м3/м3. Қазіргі уақытта мұнда ұңғыма жұмысының оңтайлы режимін анықтау мақсатында кәсіпшілік-геологиялық және гидродинамикалық зерттеулер кешенін жүргізу арқылы сынақ жалғасуда, - дейді «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Есен Қайыржан.