Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қаулысына сәйкес, бүгін білім беру орталықтары, жазылу арқылы 5 адамнан аспайтын репетиторлық, тілдік және өзге де үйірмелердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
Сондай-ақ, ауданы 2 мың шаршы метрден аспайтын азық-түлік емес дүкендер жұмысын бастады.
Аталған кәсіпкерлік нысандарының барлығы таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал, 20 мамырда меншік нысанына қарамастан барлық балабақшаларда кезекші топтарды ұйымдастыруға рұқсат етілді. Алайда, балабақшаларға балаларды әкелу үшін ата-анасының екеуі, немесе қамқоршылары мен асырап алушылар жұмыс істейтіні туралы анықтаманы көрсетуі керек.