• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Мамыр, 2020

Гранттар бөлінеді

153 рет
көрсетілді

Волонтер жастарды қолдау мақсатында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобалары шағын гранттар байқауын жария­лады.

Экологияға және тарихи-мә­дени мұраларға қатысты жобаларды іске асыруға мүмкіндік бе­ру, жобаларды іске асыруға аза­маттарды көптеп қатыстыруға негізделген байқау бірнеше ба­ғыт бойынша жүргізіледі.

Археологиялық іздеу жұ­мыс­­­тарын жүргізу, қалпына кел­тіру (реставрация) жұмыс­та­рын жүргізу, тарихи-мәде­ни нысандарда мониторинг жүргізу, тарихи-мәдени орын­дар­ға волонтер-гидтер даярлау, тарихи-мәдени орындарды на­сихаттауға волонтерлерді тарту, материалдық емес мәдени мұ­раны сақтау бойынша жобалар­ға волонтерлерді тарту бо­йын­ша жұмыс жүргізетін жас­тар­дың грантты ұтып алуға мүм­кін­діктері бар.

Грантты 136 жасқа беру жос­­парланған. 23 мамырға дейін жалғасатын байқауда жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, үкі­меттік емес ұйымдар бақ сынай алады.

Байқауға волонтерлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жа­ғым­ды жағдай жасау арқылы во­лон­терліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» Во­лон­тер­ жылын өткізу концепциясына сай жобалар қабылданады.