ERG құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ өңірлердегі кенші, металлургтерін, жұмысшы, қызметкерлерін медициналық бетперделермен қамтамасыз етуде.
Компания Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), «Қазмарганец» кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы) сияқты құрылымдық бөлімшелерді біріктіреді.
Еуразиялық топтың құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ – тау-кен металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания жылына 6 миллион тонна хром, 480 мың тонна марганец, 1,8 миллион тонна ферроқорытпа өндіреді.
Қазір «Қазхром» ТҰК» АҚ COVID-19 таралуын болдырмау және алдын алу бағытында қатаң шараларды сақтай отырып, төтенше жағдай кезінде жұмыс жасауда.
Компания президенті Арман Есенжоловтың төрағалығымен төтенше жағдайдағы іс-шараларға арналған штаб құрылған.
Компания топтың барлық кәсіпорындары үшін жеке қорғаныш құралдары және қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға 900 миллион теңгеден астам қаржы бөлген.
Сонымен қатар «Қазхром» АҚ кәсіпорындарда зарарсыздандырудың күшейтілген түріне көшті. Филиалдар ай сайын дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Ал Ақтөбе қаласындағы «ПО ГЛОБАЛ-Спецодежда» ЖШС «Қазхром» АҚ-тан 200 мың бетперде тігу үшін көлемді тапсырыс алды. Серіктестікке бетперде дайындау үшін лицензия берілген. Бетперде тігу үшін бөз қолданылмақ. Өндіруші өз өніміне бір жылға кепілдік береді.
Егер «Қазхром» АҚ-тың өңірлердегі кәсіпорындарында 19 мың адам еңбек ететінін, әрбір жұмысшы екі сағат сайын бір реттік медициналық бетпердені ауыстыруы керек екенін ескерсек, сұраныс та аз емес.
Серіктестік бұған дейін де бірнеше жылдан бері ERG кәсіпорындарына арнайы киім тігумен айналысады. Сондықтан фабрика «Қазхром» АҚ-тың сұранысы бойынша өнім түрлерін ұлғайтты.
– Әр жұмысшыға екі бетпердеден, яғни бір күн ішінде екі мәрте ауыстыру үшін 200 мыңнан астам бетперде қажет. Қауіпсіз және пайдалануға ыңғайлы болуы үшін арнайы нұсқаулықтар да жасалды, – дейді«Қазхром» ТҰК» АҚ сатып алу бөлімінің бастығы Игорь Филиппенко.
– ERG компаниясы, соның ішінде «Қазхром» АҚ еңбек адамдары үшін қорғануға қажетті барлық жабдықтарды жедел сатып алды. Кеншілер мен металлургтердің ел алдында жауапкершіліктері зор. Дәл осы қасиет бізге коронавирус індетін жеңуге көмектеседі деп сенемін, – дейді «Қазхром»ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов.
Бүгінде «Қазхром» АҚ-тың барлық кәсіпорны тұрақты жұмыс ырғағында.
Павлодар облысы