• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Мамыр, 2020

Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

240 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында су басу салдарынан зақымдалған тұрғын үйлерді, әлеуметтік мақсаттағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Роман Скляр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ТЖ салдарын жою жұмыстарымен танысып, Төлеби ауданының ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында зардап шеккен елді мекендердің тыныс-тіршілігін тез арада қалпына келтіру үшін билік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданындағы су басқан аумақтарды аралап шықты.

Сапар барысында Мырзакент кентіндегі жеке меншік тұрғын үйлердің құрылысын салуға бөлінген 70 га жер учаскесіндегі жаңа шағын ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тексерілді. Үкімет резервінен тұрғын үй салу, инженерлік-инфрақұрылымдық шығыстарды қамтамасыз ету, су құбыры желілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін қаражат көзделген.

Жаңа шағын ауданның құрылысына 32 мердігерлік ұйым тартылған, 313 үйде құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс алаңында 900-ге жуық құрылысшы мен 70 арнайы техника құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде.

Роман Скляр зақымдалған үйлерді, көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру, су басқан аумақтардан суды сору жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді тапсырды.