• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2020

Елорда әкімнің орынбасары Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті

170 рет
көрсетілді

Елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Қабанбай батыр және Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов, қала басқармаларының өкілдері және т.б. қатысты. Қала тұрғындары ауданда тұрғын үй салуға қарсылық білдірді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, тұрғын үй кешенінің құрылысына арналған егжей-тегжейлі жоспар 2015 жылы бекітілді. Учаске 2006 жылдан бастап құрылыс салушының  меншігінде.

Елорда әкімдігі бастамашы топ құрды. Оның құрамына жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындары кірді. Кездесу барысында осы аумақта нысанның құрылысына қатысты мәселелер талқыланады. Ауданда оқушы орындарының тапшылығы бар. Қала әкімдігімен №59 мектеп аумағында 500 орынға арналған мектеп құрылысы қарастырылды (екі ауысымда 1 мың орын). 2020 жылы 12 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. 2021 жылы тағы 12 мектеп салынып, пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге, Есіл ауданында оқушылар сарайының құрылысы жоспарланған. Балалар үйірмелерге қатыса алады.

Осылайша, жұмыс тобының ұсыныстары негізінде бастамашы топтың қатысуымен құрылысқа байланысты шешім қабылданады. Тұрғын үй кешендерінің аумағында 2020 жылы әкімдікпен мектеп құрылысы жоспарланды, бұл мектепке артылған шамадан тыс жүктеме мәселесін шешуге мүмкіндік береді.