«Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Талғатұлы емделіп шықты. Қазір медициналық сауықтыру шараларымен қамтылды. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Соңғы тексеру нәтижесінде Камалжан Надыровта инфекция анықталған жоқ», - деді Людмила Бюрабекова.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды.