Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны – 965 (50%) адам, оның ішінде басшы лауазымында – 124 (13%) адам.
29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметтегі жастардың саны 471 (24,4%) адам.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 38 жасты құраса, орташа еңбек өтілі 9,8 жылды құрайды.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары және нысаналы индикаторларына сәйкес мемлекеттік қызметте таза ауысымдылық деңгейі 7,3% аспауы тиіс.
Осыған орай жоғарыда көрсетілген Стратегиялық жоспарға сай І тоқсандық мәлімет бойынша Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылық деңгейі 0,97% құрап отыр.
286 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар жарияланып, 696 – азамат конкурсқа қатысты, оның ішінен 127 азамат мемлекеттік қызметке тағайындалды. Ішкі конкурс бойынша 39 мемлекеттік қызметкер меритократия қағидатымен лауазымы жоғарылады. Ал жалпы конкурстың бір мемлекеттік әкімшілік орнына орта есеппен 6 азамат қатысты.
Шымкент