• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тағайындау 19 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда Алматы ауданының әкімі тағайындалды

196 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және елорда мәслихатының депутаттарының келісімі бойынша Бектенбай Тілектесұлы Есполов Алматы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 10 жылдан асады. 37 жасар Бектенбай Есполов меритократия қағидатына сәйкес кеңсе сарапшысынан Президент Протоколы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен тәжірибелі маман.