• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2020

Түркістан: Атырау облысынан 12 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек жетті

145 рет
көрсетілді

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 12 млн теңге көлеміндегі 20 тонна балық пен гуманитарлық көмек келіп жетті.

Атырау облысының әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтың қолдауымен жүзеге асырылған көмекті жіберу жөніндегі шешім «Дамбы» бастауыш партия ұйымының «нұротандық» балықшылары жалпы жиналысында қабылданған екен. Атыраулық балықшылардың аманаты Мырзашөл өңіріне жеткізіліп, орталық қоймаға қабылданып алынды. Сонымен бірге, «Транссервис Ақжол» компаниясы атынан азық-түлік пен киім-кешек жеткізілді. Жүк керуенін бастап келген осы компанияның директоры Өтеген Айнабеков атыраулық азаматтар арасында көмектесуге ниеттілер өте көп болғанын айтады.

Балық демекші, Сардоба су қоймасынан Мақтаарал ауданы аумағына ағып келген топан судағы балықтар жеуге жарамсыз екені анықталды. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» мамандары осындай қорытындыға келіп отыр. Зертхана мамандарының айтуынша, топан судағы балықтардың ішкі ағзаларынан бактериялардың бірнеше түрі бар екені анықталған. Осыған орай Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы сарқынды сулардағы балықтарды аулап, көзін жою жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, халық арасында сарқынды судағы балықтарды аулауға, тұтынуға болмайтыны жөнінде насихат жұмыстары жалғасуда.

 

 

 

Түркістан облысы