• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2020

Мақтаарал: Мал өлекселерінің көпшілігі Өзбекстаннан ағып келгені анықталды

215 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған 5 ауылдан шығарылған мал өлекселері толығымен жойылды. Бұл аумақтарда мал ауру түрлерінің таралу қаупі жоқ. Топан су басқан ауылдардан жалпы 931 бас мал өлексесі шығарылған. Оның 40-ы ірі қара, 876-сы уақ мал, 9-ы жылқы, 6-уы түйе.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Арман Тағаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн режимдегі брифингте мәлімдеді.

«Төтенше жағдайдан келген зардаптарды жою мақсатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы және Мақтаарал аудандық «Ветеринариялық қызметі» өкілдерінен арнайы комиссия құрылған болатын. Жұмыс барысында мал өлекселерінің саны анықталып, оның көпшілігі Өзбекстаннан ағып келгені белгілі болды. Қазіргі таңда мал шығыны толығымен есептеліп, нәтижесінде 10,6 млн теңге облыстық қордан төлеу жолдары қарастырылуда», – деді А.Тағаев.

Топан су басқан аймақтарда аурудың таралуын болдырмау мақсатында 1 018,5 мың шаршы метр аумақ залалсыздандырылған. Бұл жұмыстарды атқаруға 39 маман мен 16 техника жұмылдырылыпты. Сондай-ақ ауданда ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өлекседен тазартылған аумақтарды 3 пайыз каустикалық содамен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Түркістан облысы