• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 19 Мамыр, 2020

Ғани Нығыметов СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

676 рет
көрсетілді

Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Ғани Нығыметов әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Ғани Сақтағанұлы 1983 жылы туған, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітірген. АҚШ-тың Халықаралық зерттеулер жөніндегі  Монтерей институтының мемлекеттік басқару магистратурасын және Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Гарвард университетінде, Сингапурдың ұлттық университетінде білім көтеру курстарынан өткен.

Ғани Сақтағанұлы еңбек жолын БҰҰ Даму Бағдарламасының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде тағлымдамашы болып бастаған. Ал 2007-2009 жылдары «Үкімет пен Ұлттық Банктың жанындағы Ұлттық сараптау орталығы» АҚ  жоба менеджері қызметін атқарған. Одан әрі, 2013 жылға дейін Назарбаев университетінде бірқатар басшы қызметтерде болған.

2013-2016 жылдары ол Білім және ғылым министрлігінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болады. Осы қызметтен «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директор болып ауысады. 2018 жылдан ол Президент Әкімшілігің ішкі саясат бөлімінде әуелі меңгерушің орынбасары, сосын меңгеруші болып тағайындалған.

Білімі мен тәжірибесіне қарасақ мін жоқ, оның үстіне ұлттық сананы жаңғыртуға деген талабы да жоғары екен, ана тілінде жақсы сөйлейтін көрінеді деген сөздер солтүстікқазақстандықтарды қуантып отыр.

Ал әкімнің бұрынғы орынбасары Руслан Әлішев Президенттің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқаруға ауысты.

 

ҚЫЗЫЛЖАР