Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 6 науқастың реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам, Алматы қаласында 1 адам, Шымкент қаласында 2 адам және Қарағанды облысында 1 адам реанимациядан тұрақты палатаға ауысты.
Қазақстан Республикасында барлығы 104 емделуші реанимациядан бейінді бөлімге өткен.