• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2020

Тараздық арулар 10 мың бетперде таратты

156 рет
көрсетілді

Әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің алдын алу мақсатында еліміздің әрбір өңірінде тиісті шаруалар қолға алынып, бірқатар шаралар қабылданған болатын.

Қарапайым халықты қауіпті ін­деттен құтқару, оларды қолдау мақ­сатында көпшілік қолдан келген кө­мектерін де ұйымдастырған еді. Тіпті жомарт жандардың қол­дауымен карантин кезінде көпші­лікке азық-түлік таратылып, тұр­ғындар қажетті тауарлармен де қамтылуда. Мұның бәрі де халқы­мыздың қайырымдылық қағидат­тарына берік, көмек қолын созуға бейім екенін көрсетеді.

Көпшілікті коронавирус інде­тінен қорғау жұмысына тараздық қыз-келіншектер де өзіндік үлесін қосқан болатын. Тараздық 30 қыз-келін­шек медициналық маска тігуге тегін атсалысып, нәтижесінде олар 10 мыңға жуық бетперде тіккен. Олар қала тұрғындарына тегін таратылып берілген еді. Бұл сы­нақ та халқымыздың әрдайым бір­лікте екенін көрсетті. Қыз-келін­шек­тердің бұл бастамасын көне ша­һар тұрғындары да қуана қол­да­ған болатын. Еңбек ескеріліп, Тараз қала­сының әкімі Айтқазы Қара­ба­­лаев қаланың қоғамдық өміріне бел­сене араласып, төтенше жағдай ке­зін­де тегін медициналық маска тігу­ге атсалысқан аруларға алғыс біл­дірді. Әкімнің Алғыс хатын қала­лық ішкі саясат бөлімінің басшы­сы Ұлана Сламбекова әрбір қыз-келін­шектің үйіне барып, табыстады. Ал тараздық нәзік жандылар қала әкіміне ризашылығын білдіре келіп, осындай қиын кезеңде көпшілікке қолдан келген көмегін беру әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді.

 

Жамбыл облысы