• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Мамыр, 2020

Баспаналы болу жеңілдеп келеді

885 рет
көрсетілді

Әлемді әлекке салған індет соңғы екі айда біздің елдің тұрғындарын да есеңгіретіп тастағаны рас. Халық төтенше жағдай режімін де көрді. Көнді. Аллаға шүкіршілік, енді төтенше жағдай режімі аяқталды. Бірақ карантин жалғасуда. Бұл нені аңғартады? Бұл індеттің беті әлі қайтпағанын, сақтық шараларының әлі де қажет екенін білдіреді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режімін қамта­масыз ету жөніндегі мемлекеттік ко­мис­сияның отырысында карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатынын айтты. Қалғаны халықтың өз қолында. Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты. Көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Ендігі тіршілікте тәртіп пен тазалық ауадай қажет. Қазір кез кел­ген отбасына қиын болып тұр. Қаты­нас жоқ. Шаруалар тұралап тұр. Алыс­тағы бала-шаға, немерелермен қаты­нас тоқтатылды.

Дегенмен қиын сәттерде мемлекет өз тұрғындарына қолұшын созды, демеу көрсетті. 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілсе, 1 мил­лионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілді. Яғни мемлекет ешкімді қамқорлықсыз қалдырған жоқ. Тұрғындарға тек төлем жағынан ғана емес, тұрмыстарының түзелуі үшін де жан-жақты көмек қарастырылуда. Соның ішінде, әсіресе, тұрғын үй бағдарламасына жеңілдіктер енгізілгені көпшілікті қатты қуантты.

Әрине, ауылдық жерлерде тұра­тын­дар онлайн-қызмет алуда қиындық­қа тап болғаны белгілі. Деген­мен де мұның бәрі – уақытша қиындық. Төтен­ше жағдай тоқтатылды деп босаң­сып кетуге болмас. Сақтық шараларын қатаң ұстап, бетперде мен анти­сеп­тикті үнемі қолданып, қолғап киіп, қо­ғам­дық жерлерге барғанда қа­шық­тық­ты сақтаған абзал. Бұл әрине өзің­нің және отбасыңның, айналаң­дағы адамдардың амандығы үшін керек.

Осының барлығын Алланың сы­на­ғы деп қабылдау қажет. Аталған індет елге де, елдің экономикасына да зар­да­бын тигізбей қоймайтыны мәлім. Сон­дықтан оның екінші кезеңі баста­лып кетпеуін ойласақ, өзіміздің аманды­ғы­мызға жауапкершілікпен қарайық. 

 

Тұрсын ҚОМШАБАЙҚЫЗЫ,

зейнеткер ұстаз

 

Павлодар