11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар:- Іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы - 20 минут - Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады- Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады- Маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керекЖол берілмейді:- Мектеп немесе педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинау- Ивент-агенттіктерді, аниматорларды шақыру- Мерекелік дастархан жасап, аса салтанатты өткізу- Автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасау- Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыру