• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Алакөл жағалауында су құбыры салынады

930 рет
көрсетілді

Жұмысшылардың 50 пайызы – жергілікті тұрғындар.

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Үржар ауданында жалпы сомасы 5 миллиард теңгеден асатын 42 жоба жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде 684 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Ерекше атап өтерлігі, оның 50 пайызы – жергілікті тұрғындар.

«Үлкен екі жоба Алакөл жағалауында атқарылмақ. Біріншісі, ауданымыздың туризм саласын дамыту аясында Алакөл жағалауында туристерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырының құрылысы салынады. Екіншісі,  Мақаншы ауылынан Көктал қосалқы станциясына дейінгі электр желісінің құрылысы жүргізіледі. Аталған екі жобаны іске асыру нәтижесінде Алакөл жағалауында көл маусымында демалушыларды таза сумен қамту және энергия қажеттілігіне деген қордаланаған мәселелер шешілетін болады. Автокөлік жолдарын жөндеу үшін 2 жоба іске асады. Аудан орталығы Үржар ауылының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 22 көшеге және Үржар-Қызылту бағытындағы автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмайды. Аудан көлеміндегі 20 мектептің ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады. Мәдениет саласында 11 жоба іске асырылып, 10 ауылда Мәдениет үйлері мен клубтар және аудандық орталық кітапхана ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі» дейді Үржар аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Елдос Бейсенов.

Сонымен қатар елді мекендерді абаттандыру мақсатында 5 жоба жүзеге асырылып, Мақаншы ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылмақ.

Үржар әуежайы аумағында және Алакөл көлінің жағалауында стационарлық санитарлық-гигиеналық тораптары орнатылады, Қызылту және Жаңа-Тілек ауылдарына шағын-футбол алаңдары салынады. Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша Үржар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратының шатыры ауыстырылып футбол алаңы ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Қазір осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін 400 адам жұмыс істеп жатқан көрінеді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы