• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Мамыр, 2020

Азық-түлік қызметінің техникасын ұстау және пайдалану ережелері нақтыланды

236 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігімен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметі техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұйрық жобасы Қазақстан Қарулы Күштерінде азық-түлік қызметінің техникасын ұстау және пайдалану ережелерін нақтылайды.

Құжатпен Қарулы Күштер бөлімшелерін техникамен жасақтау кезінде техниканы ұстау, азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібі, сондай-ақ техниканы жарамсыз ету тәртібі регламенттелді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.