• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Азаматтарды қабылдауда қандай мәселелер көтерілді?

161 рет
көрсетілді

Қабылдау барысында жұмысқа қайта орналасу, кәсіпкерлерге арналған грант алу, ауданда медициналық мекеме ашу мәселелері көтерілді. Мәселелер бақылауға алынды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет азаматтарды онлайн-форматта қабылдады.

Елорданың Гауһар есімді тұрғыны бұрын оны заңсыз жұмыстан шығарғандықтан көмекке жүгінді. Әкімдік араласқаннан кейін әйел адамды жұмысқа қайта алған. Өндіріс (Байқоңыр ауданы) елді-мекенінің тұрғыны Қарлығаш Набиуллина қарды уақытылы тазалап, тұрғындардың бірқатар сұрақтарын шешкені үшін алғысын білдірді.

«Біздің елді-мекенді көктем сайын су басатын. Биыл қардың үш есе көп болғанын ескере отырып, су басады деп ойладық. Алайда, коммуналдық қызметкерлер мен әкімдікдің тәулік бойы жұмыс істеуінің арқасында үйлерді су басқан жоқ. Біз көтерген басқа мәселелер де шешілді. Қазір біздің аудандағы апатты жатақхананы бұзу мәселесін шешу қалды», - деді Қарлығаш Нәбиуллина.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ТЖ және карантин режимін енгізгеннен бастап 80-ге жуық адамды онлайн қабылдаса, жыл басынан бері 400 адамды қабылдады. Мәселелердің басым бөлігі шешілді. Олардың қатарында қосымша білім алу, жұмысқа орналасуға көмек көрсету, медициналық көмек алу, азық-түлік себеті, қорғаныс құралдары және т.б.  әлеуметтік көмек көрсету.