• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Мамыр, 2020

Бахадыр Нарымбетов: Атқарылған жұмыстың ауқымы кең

163 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі­мен танысып шықтым. Президенттің бұл мәлімдемесінде ел көкейінде жүрген көптеген сұраққа нақты жауап берілген.

Төтенше жағдай режімін қам­тамасыз ету жөніндегі мем­лекеттік комиссияның қорытынды отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде қандай істер атқарылатынын рет-ретімен баяндаған. Жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді. Расында, төтенше жағдай режімі аяқ­талғанымен, карантиннің жал­­ғас­қаны өте орынды болды. Өйт­кені індеттің қаупі әлі де бар.

Төтенше жағдай режімін қам­та­масыз ету жөніндегі мемле­кеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Ал Президенттің шеші­мімен қолжетімді несие беру, көк­темгі егіс науқанын жүргізу, жұмыс орындарын ашу және сақ­тау үшін айтарлықтай қаражат бө­лінді. Мұның барлығы да ел игілі үшін істеліп жатқан шаруалар. Сарапшылар жаһан экономикасы соңғы жүз жыл ішінде болмаған деңгейге түсетінін болжап отыр. Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын айтқым келеді.

Президент өз мәлімдемесінде бүгінгі күнге дейін Қазақстан бойынша 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік берілгенін айтты. Жұмыстары тоқтап, үйлерінде отыруға мәжбүр болғандардың әрқайсысына 42 500 теңгеден берілуі халықты қуантып, сенімдерін нығайтып тастағаны белгілі.

Мемлекет басшысы өз мәлім­демесінде сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адам­ға коммуналдық төлем көмегі көр­сетілгенін айтты. Сонымен бірге шағын және орта бизнеске де қолдау көрсету жалғаса беретіні Пре­зиденттің осы мәлімдемесінде анық айтылды. Мысалы, бизнес өкіл­деріне несиелерін кейін төлеу мүмкіндігінің жасалуы да эконо­миканың негізгі бір буынының әлсіремей, нығая түсуіне оң әсер етері де анық.

Еліміздің індет өршіп тұрған өңірлерінде карантин жалғасады. Сондықтан елдегі коронавирус қаупі сейілмей бірқатар шектеулер күшінде қала бермек. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, адам көп шоғырланған орындарда мұқият болайық.

 

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,

Nur Otan партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары