• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Мамыр, 2020

Сенатта саяси партияларды құру тәртібін жеңілдететін заң жобасы мақұлданды

242 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар сайлау туралы және саяси партиялар туралы заң жобаларын қабылдады.

Сенат қарауына ұсынылған заң жобалары Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұл құжаттардың жай-жапсарымен Әділет вице-министрі Наталья Пан таныстырды.

– Заң жобаларында партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30 пайыз мөлшеріндегі квотаны енгізу және саяси партияларды құру үшін қолданыстағы сандық тіркеу талабын екі есе төмендету ұсынылады. Біріншіден, Сайлау туралы Конституциялық заңда саяси партиялар тіркеуге ұсынған партиялық тізімдерде әйелдер мен жастарға арналған міндетті квоталардың болуы туралы талап қойылады. Жалпы, бүгінгі таңда әлемдегі мемлекеттердің басым бөлігі әйелдер мен жастардың сайлау процесіне тең қолжетімділігіне кепілдік беру үшін қажетті шаралар қабылдауда. Сонымен қатар Мемлекет басшысы атап өткендей, біз жастардың Парламентке және жергілікті өкілетті органдарына келуіне ықпал етуге тиіспіз. Сондықтан да біздің қоғам үшін әйелдер мен жастар жақсы әлеуметтік және саяси әлеуетке ие. Осыған орай, халықаралық тәжірибе аясында ұсынылып отырған жаңа нормалар, әйелдер мен жастарды елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді тартуға мүмкіндік береді, - деді Наталья Пан.

Сондай-ақ бұдан былай саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 мың емес, 20 мың мүшесі болса жеткілікті болмақ. Осы бағыттағы түзетулер Саяси партиялар туралы заңда көзделіп отыр. Бұл ұсыныс саяси партияларды құру тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестеріне оң әсерін тигізеді.