• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2020

Түркістан: Сырдария өзенінің бойы шыбын-шіркейден тазартылуда

623 рет
көрсетілді

Түркістан облысының Сырдария өзені арнасына жақын орналасқан Арыс қаласы, Отырар және Шардара аудандарының тұрғындарына шыбын-шіркей жылдар бойы жапа шегіп келген болатын. Дәрігерлердің деректеріне жүгінсек, соңғы 3 жылда 1102 адам денелері бөртіп медицина қызметкерлеріне шағымданған. Осы жәйттерді ескерген сала мамандары ауыл аймақтарда зиянкестердің көзін жойып, халыққа қолайлы жағдай жасауды қолға алып отыр.

Яғни Сырдария өзенінің бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасының маңы алғаш рет шыбын-шіркейден тазартылуда. Су арналарының айналасы түгелдей дерлік дәріленіп жатыр. Арнайы мамандар зиянкестерге қарсы бактериялық препаратты суға құйып, жағалауға шашу әдісімен улауда. Дәрілік заттардың ағын суға зияны жоқ. Бүгінде Сүткент елді мекенінен Байырқұмға дейін өзен жағалауы мен су қоймасының маңында орналасқан ауылдар мен демалыс аумақтарында ұзақтығы 30 шақырым жер залалсыздандырылды. 

Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметінше, атқарылған шаралардың нәтижесінде дернәсілдер 80% - ға азайған. Ал, Сырдария өзені мен Көксарай су реттегіш қоймасына  қосылу каналының бастауы толығымен тазартылған.