• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2020

Өмірзақ Шөкеев білікті құрылысшыларды ынталандыруды тапсырды

151 рет
көрсетілді

Бүгінде Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталық аумағында 7 қабатты  14 тұрғын үй мен 12 қабатты 29 тұрғын үйдің, Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойында 7 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы қызу жүргізілуде.

Тұрғын үй құрылысы барысын бақылап, салынып жатқан нысандарды аралап шыққан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, білікті құрылысшыларды ынталандыруды тапсырды. Дайын пәтерлердің сапасын тексеріп, жұмыс кестесінен қалыс қалған компания жетекшілерін қатаң сынға алды. Білікті құрылысшыларға қолдау көрсету туралы облыс әкімінің бастамасын қолдаған жауапты сала басшылары айқындалған тапсырмаларды тиiмдi жүзеге асыруды межелеп отыр.

Сондай-ақ облыс әкімі қала орталығындағы желілік саябақтың аяқталуға жақын тұрған көгалдандыру жұмыстарын бақылап, аспан астында орналасқан бассейнде болды. Ерекше жоба маусым айында ашылады.