• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әдебиет 21 Мамыр, 2020

«Фолиант» баспасы кітап жәрмеңкесін өткізді

562 рет
көрсетілді

Бүгін «Фолиант» баспасы бағасы 100 теңгеден басталатын кітаптарын саудаға шығарып, жаппай сатылымын бастады. 21-23 мамыр күндері өтетін кітап жәрмеңкесі баспа үйінің ауласында өтті.

Сонымен, ашық аспан астында өтіп жатқан жәрмеңкеге бейсенбі мен сенбі аралығында барып, «Фолиант» баспасынан шыққан түрлі тақырыптағы кітаптарды қолжетімді бағаға ала аласыз. Ең бастысы, карантин режіміне сәйкес бетпердеңіз бен қолғабыңызды сайлап барсаңыз болғаны. Мұнда қазақ ақындарының өлең жинақтарынан бастап, шешендік кітаптар, әлем әдебиетінің үздік шығармалары, сондай-ақ балаларға арналған кітаптар да сатылымда тұр. Кітап сөреңізді жаңа шығармалармен жаңартамын десеңіз, жәрмеңкеден қалыс қалмаңыз, оқырман.