Түркістан облысындағы топан судың салдарын жоюға аттанған қарағандылық құтқарушылар Мақтарал ауданына қарасты Фирдоуси ауылындағы жұмыстарды аяқтап, көрші Жеңіс ауылына көмекке келді. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Құтқарушы топ уақытпен санаспай жұмыс істеп, су басқан аулалар мен бақша учаскелерін құрғатумен айналысуда.
Жалпы, Мақтаарал ауданында қарағандылық құтқарушылар 420 мың текше метрден астам суды сорып алды. Олар, сондай-ақ су бөгеттерін нығайтып, арықтардың арнасын кеңейтіп және тереңдетіп, бұрылған суға арналған орындарды дайындауға кірісті.
Қарағанды облысының құтқарушылары топан судан зардап шеккен аймақта 7 мамырдан бастап жұмыс істеп жатыр.
Қарағанды облысы