• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Тағайындау 22 Мамыр, 2020

Президент Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады

247 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.