• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Коронавирус 22 Мамыр, 2020

Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін қазақстандықтан коронавирус анықталды

229 рет
көрсетілді

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Солтүстік Қазақстан облысында 1968 жылғы ер адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін Түркістан облысының тұрғыны 20 сәуір күні Омбы қаласынан М. Жұмабаев атындағы ауданның «Қарақоға» бекетіне келген. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде COVID-19-ға тексеріліп, вирус анықталғаннан кейін «Бірінші қалалық аурухана» КМК ШЖҚ жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. 

- Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу басталды. Онымен байланыста болған адамдардың саны анықталуда. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары қолға алынған, - делінген хабарламада.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 40 адам тіркелді.