Жаңа Telegram арнада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және басқа да мемлекеттік орталық органдардың жаңалықтары жедел жарияланатын болады.
«Құрметті, оқырман қауым! Өздеріңізге арналған Телеграм-арнамызға қош келдіңіздер!Бүгінгі ақпарат тасқыны толастамаған заманда атқарушы биліктің халықпен үнемі байланыста болуының маңызы зор. Осы орайда, біздің министрлік те ашықтық қағидатын ұстанып, жаңа Телеграм-арнамыздың оқырмандарымен тың әрі өзекті ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысады. Мұнда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметінен бөлек, басқа да мемлекеттік орталық органдардың жаңалықтары жедел жарияланатын болады», - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Ұсыныс-тілектерді aqparatqogam@gmail.com поштасына жіберуге болады.
«Оларды, біз, міндеті түрде күнделікті жұмыс барысында ескеретін боламыз», - деді министр.