Қазақстан мен Қытайдың медициналық сарапшылары коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Бейжің университетінің клиникалық ауруханасының сарапшылары мен ҚР денсаулық сақтау органдарының жетекші мамандары арасында онлайн-бейнеконференция өтті. Сарапшылар бейнеконференция барысында COVID-19 індетінің таралуының алдын алу, сондай-ақ коронавирустық инфекцияны анықтау мен емдеудің тиімді тәсілдерін талқылады.Бұған қоса, Қазақстан мен Қытайдың денсаулық сақтау саласындағы ынымақтастығын тереңдету мақсатында тараптар өзара ықпалдасуды және онлайн-конференция түрінде келіссөздер жүргізуді одан әрі жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.