Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.
Маңғыстауда биыл 6365 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 5931-і күндізгі мектептің, 434-і кешкі мектептің түлектері.
Пандемия жағдайына байланысты биыл 9 және 11-сынып бітіруші түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау өткізілмейді. Мектеп бітіргендігі туралы аттестаттарға 4 тоқсанның жылдық бағалары қойылады.
11-сыныпта 206 оқушы «Алтын белгіге», 326 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы «Біргеміз: ТҮЛЕК-2020» тақырыбындағы мектеп бітіру іс-шарасының тұжырымдамасына сәйкес:
- 22 мамыр сағат 11.00-де - «Балапан», «Еларна» телеарналарында 11-сынып түлектеріне кәсіптік бағдар беру туралы бірыңғай телесабақ;
- 25 мамыр сағат 11. 00-де - телеарналарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құттықтауы көрсетіледі;
- «Сәт сапар, жас түлек!», «Ұстаздарға мың алғыс», «Мектеп-білім ордасы», «Көңілді жазғы демалыс» (үздік мұғалімдер туралы, оқушылардың жетістіктері туралы, өңірдегі ең үздік білім беру жобалары туралы және т.б.) сынды білім мәселелеріне арналған сюжеттік желі ұйымдастырылады;
- 25 мамыр күні 1-10 сыныптарға соңғы қоңырауға арналған онлайн-сынып сағаты өткізіледі. Оған қамқоршылық кеңестердің мүшелерін, аймақтың танымал тұлғаларын, еліміздің және әлемнің үздік университеттерінде білім алып жатқан жетістікке жеткен мектеп түлектерін, бизнес өкілдерін және мемлекеттік қызметшілерді қонақ ретінде шақырылады.
- Мектеп бітіру шаралары әр сыныпта бөлек, мектеп алаңында, ашық ауада өткізіледі;
- Түлектер іс-шараға мектеп формасымен қатысады;
- Мектеп әкімшілігі мектеп бітіру кештерін өткізу күндері тәртіп бұзушылыққа жол бермеу шараларын қабылдайтын болады., деген талаптар қойылады.