• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2020

Мақтаарал: Мың долларлық өтемақыны 1308 отбасы алды

173 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 отбасының (30 420 адам) есепшоттарына аударылады.  Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерген. Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады. Бұл туралы Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен өткен тікелей эфирде облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев  мәлімдеді.

«Ә.Усманов қорынан аударылатын 1 мың АҚШ доллар өтемақыны Мақтаарал ауданындағы 2 ауыл округінде орналасқан 13 ауылдың тұрғындары алады. Атап айтқанда, Еңбекші ауыл округіндегі: Мырзакент, Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлы таң, Шұғыла, Жантақсай ауылдары және Жаңажол ауыл округіндегі: Нұрлы жол, Жеңіс, Фирдоуси, Достық, Өргебас, Арайлы Ақжол ауылдары. Тұрғындардан артық құжат талап етілмейді, мекен-жай анықтамасы не ауыл тұрғыны екенін растайтын құжат болуы қажет», - деді басқарма басшысы.

Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдауси, Достық, Өргебас елді мекендерінде тұратын әр отбасыға Үкіметтің резервінен 100 мың теңгеден беріледі. Бұл мақсатта Үкіметтен 650 млн теңге бөлініп отыр.  Ол аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, 846 үйдің 6128 адамына төленетін болады.