• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2020

Павлодар облысында 1609 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тиімді субсидияға қол жеткізген

166 рет
көрсетілді

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында субсидиялау ісіне ерекше мән берілген.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдегі жергілікті шаруаларға субсидия бөлу қарастырылуда.

Бұған дейін Асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы саласына ғана  төленіп келген.

Былтыр облыстың агрокешенін дамытуға 23,4 млрд теңге бөлініпті. Оның 14,4 млрд теңгесі-республикалық бюджеттен.

Ал қаражаттың басым бөлігі-шаруашылықтарды субсидиялауға жұмсалған. Инвестициялық субсидия бағдарламасы шеңберінде былтыр 32 шаруа 1,9 млрд теңге қаражатқа шетелден 2759 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізді. Оның 454,5 миллион теңгесі субсидияланды.

Сонымен бірге, техника сатып алғаны үшін 300 шаруаның 10 пайыздық шығыны облыстық бюджет есебінен өтелген.

Гербицид пен тыңайтқыштардың шығынын өтеуге облыстық бюджеттен 766 миллион теңге қаражат жұмсалған. Өсімдік шаруашылығын дамытуға 628 миллион теңге қарастырылып, 256 диқан элиталық тұқым сатып алғаны үшін субсидияға қол жеткізді.

Сөйтіп, жергілікті 1609 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тиімді субсидияға қол жеткізді.

Сондай-ақ, былтыр субсидия алу үшін Qoldau.kz электронды жүйесіне өтініш жолдау тәртібі енгізіліп, интернет жылдамдығы аз, тіпті ғаламтор жоқ жерде отырған шаруалар демеуқаржы алуға үлгермей қалды.

Өткен жылы 1 млрд 200 миллион теңге қаражат үлестірілмей қалған. 

Жаңа жүйе субсидия бөлудің ашықтығына көз жеткізуге мүмкіндік бергенімен, шаруалардың көбі алған жоқ.

Сондықтан былтыр субсидия ала алмай қалған шаруаларға биыл бірінші кезекте қаражат берілмекші.  

Павлодар облысы