• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2020

Мақтаарал: «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастады

248 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан белгілі меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастап кетті.

Бүгінде құрылыс алаңында іргетас орындары дайындалып жатыр.

Қор атынан бұған дейін көмек ретінде 20 тонна азық-түлік келген болатын. Сондай-ақ, «Салиқалы ұрпақ» қоры судан зардап шеккен жағдайы төмен 100 отбасыға 100 мың теңгеден үлестірмек. Балаларға базарлық ретінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 20 оқушының Алматы облысындағы жазғы лагерьлерде демалуына мүмкіндік жасайтын болады.

Ал 20 үйдің құрылысы «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, алдағы шілде айының соңында толық аяқталып, тұрғындарға кілті табысталады. Құрылыс жұмыстарын жергілікті «Нұр ел» және «Тіней-құрылыс» компаниялары жүргізуде.