• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2020

Атырауда қауіпті індет алты ауданға тарады

945 рет
көрсетілді

Өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 22 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі  анықталды.

– Науқастардың арасында Теңіз кенішінің 20 жұмысшысы бар. Сондай-ақ Исатай ауданының тұрғындары –37 жастағы жігіт пен 12 жасар жасөспірімнен де анықталды. Екеуі де бұрын ауырған 62 жастағы әйелмен байланыста болған, -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.

Ал, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиевтың айтуынша, аудандардың тұрғындары  да жұқтырды.    

– Атырау облысында 6 ауданның тұрғындарынан коронавирус инфекциясы анықталып отыр. Соның ішінде Жылыой ауданында 16, Құрманғазыда – 6, Мақатта – 6, Исатайда – 4, Махамбетте – 1, Индер ауданында 1 дерек тіркелді. Осыған байланысты аудандық бас санитарлық дәрігерлердің қаулысымен Мақат ауданындағы Мақат кенті мен Жылыой ауданында орналасқан Майкөмген кенті карантинге жабылды. Карантин мерзімі 8 маусымға дейін созылады,-деді Амантай Жұмағалиев.

Бүгін  Атырауда қауіпті індетті жұқтырған адамдар саны 879-ға жетті. Сауығып шыққандар –​ 224 адам.​ ​