• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Медицина 25 Мамыр, 2020

Қазақстанда АИТВ жұқ­тыр­ғандардың басым бөлігі ер азама­ттар

248 рет
көрсетілді

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Дегенмен биыл Қазақстанда CОVID-19 пандемиясы кезінде бұл датадағы шаралардың сипаты басқа болды. Бір жағынан бұл – АИТВ инфекциясын ауыздықтай отырып, коронавирус инфекциясынан емделушілердің өмірі мен денсаулығын сақтаудағы ел дайындығын көрсететін бір сынақ еді.

Мәселен, барлық өңір­лік орталықта емделу­ші­лердің денсаулығын сақ­­тау мақсатында анти­рет­­ровирустық (АРВ) пре­­па­раттар ұзаққа жету үшін артығымен қолға бе­рілді. Оқшаулауға тура келген барлық мұқ­таж­дарға медициналық қыз­меткерлер дәрі-дәр­мек­тер­ді үйге жеткізді. Үкі­мет­­тік емес қоғамдық ұйым­­­­­дардың аутрич-қыз­мет­кер­лерімен және волон­тер­лерімен бірге жеке қор­ға­ну құралдарын – маска­лар­ды, қолғаптарды, сани­­тайзерлерді жеткізуді де қоса ұйымдастырды. Жұ­­мысынан айырылған және азық-түлікке мұқтаж адам­дардың тізімін дәрі­гер­лер әкімдіктер мен ха­лық­­аралық гума­ни­тар­лық ұйым­д­арға жіберді.

– COVID-19 алдындағы тәуе­келдер біздің пациент­тер үшін теріс мәртебесі бар адамдардан еш айыр­ма­шылығы жоқ. Бұл ви­рус­тық жүктеменің ба­сыл­ған жағдайында. Кері жағ­дайда тәуекелдер арта­ды. Сондықтан біз үшін АИТВ-мен өмір сүре­тін адамдардың барын­ша оқшаулануы өте маңыз­ды болды, – дейді ҚР Денсаулық сақтау минис­тр­лігінің Қазақ дерматология және инфекциялық ауру­лар ғылыми орта­лы­ғы­ның директоры Бауыржан Байсеркин.

Жыл сайын елімізде АИТВ-мен өмір сүретін, анти­ретровирустық тера­пия­дағы адамдар саны артып келеді. Соңғы бес жыл­да қамту 36-дан 68 па­йызға дейін артты. Емдеу сызбасы да жетіл­ді­ріліп, заманауи пре­па­рат­тар сатып алынуда. Бұл емделушілердің ден­­саулығын сақтауға және сапалы өмір сүр­уін қамтамасыз етуге мүм­кін­дік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының індеті шо­ғырланған сатыда тұр. Соңғы мәліметтерге қара­ғанда ел азаматтары арасында АИТВ-инфек­циясын жұқтыру оқи­ға­сы көбейе түскені ан­ық­­талып отыр. Ма­мыр айының басында Қа­зақ­станда АИТВ-ахуал­ды адам­ саны 37 860-қа жетті. Өткен жыл­дың осы кезеңімен са­лыстырғанда АИТВ жұқ­ты­ру­дың жаңа оқиғалары 13 пайызға өскені байқалады. Бір өкініштісі, АИТВ-ның жаңа жағдайлары санының артуы – Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін жалпы үрдіске айналып тұр.

Қазақстанда АИТВ жұқ­тыр­ғандардың басым бөлігін (66 пайыз) ер азама­ттар құрайды. Сол сияқты жаңадан анық­талғандардың да басым бөлігі – 30-39 жас ара­лы­ғындағылар – 39,5%. Соңғы жылдары бұл ин­фек­цияның жыныстық жол­мен жұғуы қайтадан бе­лең алып отыр.

 

АЛМАТЫ