Қытай билігіндегі Коммунистік партия Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігіне қатысты екіжақты заңды қабылдады. Гонконгдықтар өз кезегінде мұны қаланың бостандығына соққы деп есептейді.
Көтеріліске тыйым салатын заң Гонконгтың заң шығарушыларын айналып өтпек. Сарапшылар Бейжің Гонконгке берген Қытайдың басқа жерінде кезікпейтін бостандыққа қатысты уәдесін бұзды дейді. Демократия жақтастары Гонконг автономиясы бұзылды деп, халықты көтеріліске шақыруда. Жұма күні Гонконгтағы Қытай ұлттық үкіметінің байланыс офисінің алдына бір топ наразы жиналып, акция өткізді. Гонконг әкімшілігі Бейжіңмен бірге заңды қайта қарап, қаланың бостандығына әсер етпейтін өзгертулер енгізетінін мәлімдеді.
Заң жобасы жыл сайынғы Ұлт өкілдерінің конгресінде таныстырылды. Жобаның өзінде коммунистік биліктің шешімдері көрініп тұрды. Гонконг Қытайдың жартылай автономды әрі экономикалық маңызды бөлігі екені белгілі. 1997 жылы Британиядан Қытайға өткен кезде қауіпсіздік жөнінде заң қабылдауға мәжбүр болды. Ал былтырғы Гонконг тұрғындарының ұзаққа созылған наразылығынан кейін Бейжің келешекте мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін заң негізінде шаралар қолдану керек деген тұжырым айтады. Заң қаржы нарығын да бір сілкіндірді. Нәтижесінде, Hang Seng гонконгтік индексі 5 пайызға түсіп кетті.
Сарапшылар Қытай билігін бұл шараға итермелеген бірнеше фактор бар деп санайды. Мәселен, қыркүйек айына жоспарланған Гонконгтегі сайлау да мұндай қадамға себеп болуы мүмкін.